50339
Ұлттық құраманың бас бапкері: Зәкір жеңілген жоқ
Ұлттық құраманың бас бапкері: Зәкір жеңілген жоқ
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының ширек финалында жеңілген жоқ деп есептейді. Бұл туралы Vesti.kz сайты жазады.
63 келіде жұдырықтасатын Зәкір ширек финалда аустралиялық Гарри Гарсайдтен жеңіліп қалған болатын. Алайда құраманың бас бапкері Ғалым Кенжебаев төрешілердің бұл шешімімен келіспейтінін айтады.
«Зәкір бұл кездесуде жеңіске жетті. Бірінші раундта ол басым болды, бізге ұпай берді. Екінші раундта, жарайды, қарсылас жаққа ұпай берді. Бірақ үшінші раундта Зәкір таза жұдырықтасты, соққысын дәл тигізіп, басым болды», – дейді бапкер.