"Көрімдік Kaspi QR арқылы": Желіде қызу талқыланып жатқан заманауи беташар (видео)

"Көрімдік Kaspi QR арқылы": Желіде қызу талқыланып жатқан заманауи беташар (видео)

"Көрімдік Kaspi QR арқылы": Желіде қызу талқыланып жатқан заманауи беташар (видео)
ашық дереккөзі
51228

Әлеуметтік желіде үйлену тойында түсірілген видео қазақстандықтар арасында қызу талқылануда. Онда қалыңдық фатасына Kaspi арқылы ақша аудару үшін QR-код жапсырылған, деп жазды sputnik.kz. Қазақ халқында келін түсіргенде жасайтын салт-дәстүрдің бірі – беташар. Үйлену тойы кезінде жаңа түскен келінге ата-енесін, басқа да туыстарын таныстырады. Келін иіліп, оларға сәлем салады. Тойға жиналғандар сый-сыяпат ретінде ақша қалдырады.

Әдетте үйлену тойында қалыңдық алдына ақша салынатын табақ қойылады. Алайда бүгінде онлайн төлемнің танымалдығы артып, дәстүрлер де заманауи трендке бейімделуде. Бұған желіде тараған видео дәлел. Той ұйымдастырушылары туысқандарға қолма-қол ақшаның орнына Kaspi арқылы ақша аудару мүмкіндігін ұсынған. QR-код та қалыңдықтың фатасына жапсырылған.

Серіктес жаңалықтары