Жамбыл облысында сүт өнімдерін шығаратын 32 ферма ашылды

Жамбыл облысында сүт өнімдерін шығаратын 32 ферма ашылды

Жамбыл облысында сүт өнімдерін шығаратын 32 ферма ашылды
ашық дереккөзі
353
Жамбыл облысында соңғы 2 жылда, яғни, 2014-2015 жылдары 32 сүт өнімдерінің фермасы пайдалануға берілді. Оның 12-сі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орналасқан, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Биыл  тағы 7 шағын ферманың құрылысы басталған. Бүгінгі күні өңірде сүтті тереңдете өңдеу ісімен 20 кәсіпорын айналысады. Бұл кәсіпорындардың жүктемесі 38 пайыз.  Аталған көрсеткіш аймақтағы мал басының артуымен тікелей қатысты болып отыр. Жамбыл облысында мал басы 1991 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара — 4,3 , жылқы 2,0 пайызға артты. 2011 жылдан бастап облыста «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба басталғалы 23 400 бас сиыр әкелінсе, 2014 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 64 300  қой, «Құлан» бағдарламасымен  4 500  жылқы сатып алынды. Мемлекеттік қолдау мен асылдандыру жұмыстарын дұрыс жолға қоюдың нәтижесінде  асыл тұқымды малдың саны артты. Облыста асыл тұқымды МІҚ малының жалпы табындағы үлес салмағы — 21,8 % (республикалық көрсеткіш — 9,7%), қой — 28,4%, (республикалық көрсеткіш — 17,0%), жылқы 24,2 % (республикалық көрсеткіш — 7,1%) құрап отыр. 2012-2015 жылдары асыл тұқымды МІҚ малының сапасын арттыру мақсатында шет елдерден 4100 бас асыл тұқымды мал әкелінді және 7 асыл тұқымды шаруашылық-репродуктор құрылды. Соңғы жылдары бұл шаруашылықтарда 1 мың бас асыл тұқымды бұзау өткерілді. Облыста соңғы бес жылда 20 мың мал бордақылайтын 23 алаң іске қосылды.Бүгінде малайзиялық кәсіпкерлермен бірге Меркі ауданында «Агростан» ЖШС тарапынан жаңазеландиялық жоба негізінде бордақылау кешенінің құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта мұнда 3 мың басқа дейін мал әкелінетін болады. «Агрофирма Түрікпен» ЖШС-ның 5 мың бас мүйізді ірі қара мал шаруашылық репродуктор жобасының құрылысы жүзеге асырылуда. Жобаның құны — 500 млн теңге. Осы жобаны іске асыру мақсатында 3 мың бас мүйізді ірі қара малы мен 1 560 бас жылқы сатып алынды. Жыл аяғына дейін қосымша 1 400 бас сиыр сатып алу жоспарлануда. Жайылымдарды суландыру бағдарламасы қарқынды жүргізіліп, соңғы екі жылда 60 құдық және ұңғы пайдалануға берілді. Жыл сайын негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып келеді. 2012 жылмен салыстырғанда ет өндіру — 19,2, сүт өндіру 8 % артты. 2012 жылы союға өткізілген бір бас мүйізді ірі қара малының орташа сойыс салмағы 277 кг құраса, биыл бұл көрсеткіш 322 кг дейін өсті. Ал союға өткізілген қойдың салмағы — 32-ден 37 кг жетіп, 15-16 %  артты. Сүт өндіруде бір бас сауын сиырдан сауылған сүт көлемі  2589-дан 2655 кг жетіп, 2,5  %  ұлғайды. Кооперативтерге шағын шаруашылықтарды біріктіру мақсатында жаңазеландиялық «Fonterra» және даниялық «Arla» бағдарламалары бойынша Меркі ауданында құрамына 42 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» өндірістік кооперативі құрылды. Нәтижесінде  сүт бағытындағы 1 000 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын cатып алуды қаржыландыратын шағын несие мекемесі ашылды.

Серіктес жаңалықтары