Air Astana 2021 жылдың 9-31 тамызы аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан әуе компаниясының жолаушыларына ерікті салмақ өлшеу ұсынылатынын хабарлайды.
Жолаушыларды ұшу алдындағы өлшеу әуе кемесінің теңгерімін орнату үшін статистикалық мәліметтерді жинау мақсатында Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл рәсімді қауымдастыққа мүше әуекомпаниялар әр бес жыл сайын жүргізеді.
Бақылау өлшеуі жолаушының жынысына қарай бөлінген арнайы белгіленген жерде ұшуға тіркелгеннен кейін жүзеге асады. Рәсім құпия ақпаратты жинауды қарастырмайды. Өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар лотереяға қатысады.
Air Astana әуекомпаниясының билеттерінің бағасына салмақ өлшеу рәсімі әсер етпейді және тек ұшу қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ғана жүзеге асырылады.