Ресей бизнесті жүргізу бойынша 40-орынға көтерілді

Ресей бизнесті жүргізу бойынша 40-орынға көтерілді

Ресей бизнесті жүргізу бойынша 40-орынға көтерілді
ашық дереккөзі
405
Бүкіләлемдік банк Doing Business 2017 деп аталатын жыл сайынғы рейтінгісін жариялады. Сарапшылардың шешімі бойынша, Ресейде екінші жыл қатарынан бизнесті жүргізу тәртібінің жақсарғаны байқалып, 51-орыннан 40-орынға көтерілген.
Постсоветтік елдер бойынша рейтінгісі жоғары мемлекеттердің қатарында Эстония (12), Латвия (14), Грузия, (16) Литва (21), Қазақстан (35), Беларусь (37) және Армения (38-орын) енген. Бүкіләлемдік банктің сарапшылары Әзірбайжан (65-орын) мен Қырғызстанда (75-орын) бизнесті енгізудің жағдайы нашарлағанын байқаған. ​Doing Business-тің жыл сайынғы рейтінгісін Бүкіләлемдік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы әзірлейді. Бизнес эксперттері әлемнің 190 елінің бизнесті ашудағы салық төлеу, тіркеу және халықаралық сауда жүйесінің дамығандығын есепке алады.

Серіктес жаңалықтары