Қазақша ас мәзірін сұраған адамды балағаттап, қуып шыққан дәмхана әкімшісі қамауға алынды

Қазақша ас мәзірін сұраған адамды балағаттап, қуып шыққан дәмхана әкімшісі қамауға алынды

Қазақша ас мәзірін сұраған адамды балағаттап, қуып шыққан дәмхана әкімшісі қамауға алынды
ашық дереккөзі
50297
Ақтауда дәмхана әкімшісі клиентпен болған жанжалдан кейін 10 күнге қамауға алынды. Sputnik Қазақстан сайтының мәліметінше, жанжал 19 маусымда шамамен кешкі сағат 20.15-те болған.
«Дәмханаға келуші мемлекеттік тілдегі ас мәзірін сұраған. Ал мекеме әкімшісі балағат сөздер айтып, оның ұялы телефонын жұлып алып, дәмханадан күштеп шығарып жіберген», – деп хабарлады соттағылар.
Сот қаулысымен дәмхана қызметкері Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабының бірінші бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза кесілді.

Серіктес жаңалықтары