Қарағанды полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте жиі видео түсіретін блогер, №43 автобусының жүргізушісінің видеоларын тексермек. Оған тұрғындар тарапынан көлік жүргізушісіне шағымы себеп болған.
Қарғандылықтардың айтуынша, Арынов жолаушылар тасымалы ережелерін жиі бұзатынын және ата-ананың рұқсатынсыз балалардың суретін Instagram және Tik-Tok-тағы парақшасына жүктейтін көрінеді. Сондай-ақ, оның көлік жүргізіп бара жатып видео түсіретіні және қауіпсіздік белдігін тақпауы полицейлердің назарын аударды. Қазір тексеріс жүріп жатыр.
[video width="480" height="656" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/08/whatsapp-video-2021-08-22-at-22.07.02.mp4"][/video]
Автобус жүргізушісінің алатын жалақысы 200 мыңнан асады. Жұмысыма жауапкершілікпен, тиянақтылықпен қараймын деген ол қосымша Instagram арқылы айына 40-50 мың теңге табады екен.