439
Өзбекстан мектептерінде фастфуд пен газды сусындарға тыйым салмақ
Өзбекстан мектептерінде фастфуд пен газды сусындарға тыйым салмақ
Таяуда Өзбекстан мектептерінің асханасында, колледждер мен лицейлерде газды сусындар мен фастфуд жоғалады деп хабарлайды UzbekistanToday. Олардың орнына білім беру орындарына комплексті түскі ас әзірлейтін арнайы комбинат құрылады.
Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, 2020 жылға дейін барлық мектептер, колледждер мен лицейлерде тамақтандыру жүйесі жақсаруы тиіс.
«Асханалар кәсіпкерлерге жалға беріледі. Олар байқау негізінде ғимаратты алады. Компания барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Жалға алушылармен бір жылға келісімге отырылады. Егер осы аралықта тамағы көпшіліктің көңілінен шығып, талаптарға жауап берсе, келісім-шарт бірнеше жылға созылады», – дейді Өзбекстанның аспаздар қауымдастығының өкілі Хаким Назаров.
Оның сөздерінше, тағам комбинатын құру ұсынылған. Сонымен бірге Германия, Ресей және Франция елдерінің тәжірибелері зерттелген.
Тағам комбинаттары 2017 жылы әр облыста ашу жоспарланған. Ас мәзіріне салат, бірінші және екінші тағам, десерт кіреді. Осындай комплексті түскі ас шамамен 2000 сум болады (шамамен 0,65 цент).