ШҚО-да жасөспірім танысының атынан 2 млн теңге несие алған

ШҚО-да жасөспірім танысының атынан 2 млн теңге несие алған

ШҚО-да жасөспірім танысының атынан 2 млн теңге несие алған
ашық дереккөзі
50239

Шығыс Қазақстан облысында танысының атынан 2 млн теңге несие алған 17 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған азамат белгісіз біреудің өз атына несие ресімдегендігін жеткізді. «Белгілі болғандай, Риддер қаласының 17 жастағы тұрғыны Алтай ауданындағы Серебрянск шаһарына танысының үйіне қонаққа келген. Сол кезде жасөспірім жәбірленушінің телефонына банктердің бірінің мобильді қосымшасын орнатып береді. Кейін арада бірнеше күн өткенде шұғыл ақша қажет болған кезде ол танысының жеке деректерін пайдаланып, 2 млн теңге несие алған. Содан соң қаражатты өз шотына аударған», – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. Қазіргі уақытқа полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Алаяқ қаражатты құмар ойындарға салып ұтылып қалғанын алға тартты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
   

Серіктес жаңалықтары