Ақтөбеде жақында жоғалып табылған қызды анасы ұрып-соққаны анықталды

Ақтөбеде жақында жоғалып табылған қызды анасы ұрып-соққаны анықталды

Ақтөбеде жақында жоғалып табылған қызды анасы ұрып-соққаны анықталды
ашық дереккөзі
50185
Ақтөбеде жақында жоғалып табылған қызды анасы ұрып-соққаны анықталды. Еске салайық, жақында Тургенев көшесіндегі үйде тұратын 6 жасар қыз үйден шығып, қайтып оралмаған. Бірнеше сағаттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері жоғалған қызды тапты, ол күні бойы отбасылық демалыс саябағында болған. Қыздың денесінде көгеру іздері болған, полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек шақырды. Қыздың ата-анасы сол күні ПБ-ға жеткізіліп, “қолайсыз отбасылар” санаты бойынша профилактикалық есепке қойылды. Қыздың анасына қатысты ҚР ҚК 140-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған барлық құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы азаматтарға шұғыл түрде полицияға 102 нөміріне және №1 ҚПБ Хамидулла Медет – 8701 735 34 73, №2 ҚПБ Имашев Жомарт – 8705 604 38 30, №3 ҚПБ Еламанов Ерлан – 8777 619 96 60, №4 ҚПБ Малаев Еркин – 8705 744 01 44 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз, деп жазады polisia.kz сайты.

Серіктес жаңалықтары