Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқан әскерилердің отбасына мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды

ашық дереккөзі
50242
Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Олардың барлығы әскерилер мен өрт сөндірушілер. Оқиға орнында жүрген Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Оқ-дәрі сақтау базасында жарылыс 26 тамызда кешкі сағат жеті шамасында болған еді. Министр оның нақты себебі әлі анықталмағанын айтты. Ал, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету жұмыстары қазір басталып кетіпті. «Қаза тапқан әр әскеридің отбасына шамамен 20 млн теңгедей көмек көрсетіледі, одан бөлек баспана мәселесін қарайтын боламыз. Көмек көрсетуге тек министрлік емес, жергілікті атқарушы органдар да қатысады. Қазір көмек көрсету жұмыстары басталып кетті», - Н.Ермекбаев. Оның айтуынша, жарылыс болған базада шамамен 150 әскери болған. Қазіргі таңда оқиға орнында із-түссіз жоғалған үш адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары