50512
«Бес балаңа обал болды». Әнші Бүркіт Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза тапқан сыныптасы туралы айтты
«Бес балаңа обал болды». Әнші Бүркіт Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза тапқан сыныптасы туралы айтты
Белгілі әнші Бүркіт (Айбек Сейітов) Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғада қаза тапқан сыныптасы полковник Мейіржан Айманов туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. Марқұмның артында бес баласы қалған.
«Қайран досым! Кешегі Тараз маңында болған жарылыста қаза болған досым, Мейіржан! Жаның жәннатта болсын! Қайғырып отырмын, досым! Бес балаң қалды ғой, артыңда. Бес балаң! Не болды енді бұл! Не болды?! Отқа бірінші жүгіріп кеттің-ау! Жас кеттің-ау, досым! 5 күн бұрын сенімен телефонмен сөйлесіп едім, абай болшы деп... Досымның жақындарына, бала-шағасына көңіл айтамын! Жарылыстан кейін Мейіржанның денесін бүгін ғана, түстен кейін тауыпты. Тілсіз жаудың астында қалдың, бауырым! Айтар сөзім жоқ... Сен – қаһармансың! Сен – батырсың! Он жыл бір класта оқып, бірге ойнап, бірге өскен досым, қыршын кеттің! Артыңда қалған бес балаңа обал болды. Жаның жәннатта болсын!» деп жазды әнші.Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы әскери қоймалардың бірінен өрт шығып, артынша бірнеше дүркін жойқын жарылыстар болды. Соңғы деректер бойынша, жарылыс салдарынан 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жараланды. Жоғалғандарды іздестіру жалғасуда. Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.