Паралимпиада: Қазақстандық дзюдошы күміс медальға ие болды

Паралимпиада: Қазақстандық дзюдошы күміс медальға ие болды

Паралимпиада: Қазақстандық дзюдошы күміс медальға ие болды
ашық дереккөзі
50272
Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина күміс медальға ие болды. Қазақстандық дзюдошы 70 кг астам салмақта финалда әзербайжандық Дурсадаф Каримовамен алтын жүлдені сарапқа салды. Бұл бәсекеде әзербайжандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті. Тағы бір қазақстандық Жанбота Аманжол 90 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде франциялық Гелиос Лачуманаядан иппонмен ұтылып қалды. Осылайша парадзюдодан Қазақстан құрамасы үш күміс жүлдені жеңіп алды. Осыған дейін Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет өз салмақтарында екінші орынға көтерілген болатын.

Серіктес жаңалықтары