50271
84 жылға сотталған суда жүзуші Паралимпиада ойындарына қатысып жатыр
84 жылға сотталған суда жүзуші Паралимпиада ойындарына қатысып жатыр
Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарына радикалды топқа қатысы бар деген күдікпен 84 жылға сотталған испандық суда жүзуші Себастьян Родригес Велозо қатысып жатыр. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Велозо 1985 жылы қылмыстық топ құрамында болып адам өлтірді және жарылыс ұйымдастырды деген айыппен тұтқындалған, 84 жылға сотталған. Өз кінәсін мойындаудан бас тартқан ол түрмеде 432 күн аштық жариялап, ақырында оның ішкі органдарына зақым келіп, аяқтары сал болып қалған.
Велозо 1994 жылы мерзімінен бұрын босап шыққан, ал 1996 жылдан бастап суда жүзумен кәсіби түрде айналысқан.
64 жастағы Велозо – Паралимпиаданың бірнеше дүркін чемионы әрі жүлдегері.