Зиялылық заңғары

Зиялылық заңғары

Зиялылық заңғары
ашық дереккөзі
50344
Университетіміздің заң факультетіне жаңа декан келгенін естіп, бір жағы танысып әрі кабинеті қасымыздағы оқу ғимаратында орналасқаннан кейін көршілік міндетті ат­қарып, қызметіне табыс тілеп шығуға кіргенде алғаш кездескен, оған дейін бейтаныс бол­ған жан екені есіме түсіп отыр. Алғашқы жолыққанда-ақ бірден байқағаным, өте мәде­ниет­ті, сөзі де, өзі де биязы, мінезі көркем жан екені тәнті етті. Жасы үлкендігіне қарамастан сіз деп сөйлесіп, құрмет тұта қабылдауы көңілге ұнағаны жадымда қалыпты. Одан бері он жыл­ға таяу уақыт өтсе де, сол мінезімен зиялылық заңғарын танытып келе жатқаны көңі­ліміздің төрінен орын иемденгенін жасыра алман. Әңгіме ауаны ел білетін, елі­міз­дің білім-ғылым қай­рат­кер­лері құрмет тұтатын Еркін Әнуар­ұлы туралы, ортасы ғана емес, Ота­ны аялайтын Оңғарбаев жайын­да өр­бімек. «Тектіден текті туады, тектілік жо­лын қуады» деген дана сөз бар хал­қымызда. Ерекеңнің тұла бойын­дағы тума қасиеттер атаның қа­ны, ананың ақ сүтімен дарығанын ата­тегін танып-білген кісі терең ұғар еді. Атасы Төлеген ағайын-ту­ған­ға ғана емес, ауыл-аймаққа өте сый­­лы, көптің батасын алған, ашар­шы­лық кезінде бір ауылды асқабақ егіп асырап, аман алып қалған, ел бас­қарған қызметтері өз алдына, өмір­бақи қолынан кетпені түспеген ди­қаншы болғанын жерлестері осы күн­ге дейін ұмытпай, жыр қылып ай­тып жүргені тектілігін паш етеді. Бір рулы елді үлкендердің «асқабақ же­ген Құлбайымбет» деп атап ке­туінің сыры да сонда болса керек. «Әке көрген оқ жонар, шеше көр­ген тон пішер» демекші, әкесі Әнуар да халық тыныштығының кү­­­зетшісі – қарапайым милиция қыз­меткерінен бастап, бар саналы ғұ­мырын сол салаға арнаған, қыз­мет сатысымен көтеріліп, аудан, об­лыс деңгейінде басшылық қыз­мет­тер атқарған, ерлікке толы ең­бе­гімен, күрескерлік қажыр-қай­ра­ты­мен еліміздің оңтүстік өңірі жұр­тының құрметі мен сыйына бө­ленген ардақты адам. Өмірден ер­те өтсе де, жерлестері есімін ұмыт­пай, күні бүгінге дейін ардақ тұтып келе жатуы сол жайынан сыр шертеді. Ең бастысы ол – адалдық пен әділдікті, адамдық асыл қа­сиет­терді ту етіп ұстауымен ұл-қыз­дары­на өне­ге қалдырған аяулы жан. Бүгінде Еркін Әнуарұлының заң ғы­лымдарының док­торы, про­фес­сор, елімізде құқық са­­­ласының біл­гір маманы, мем­ле­ке­ті­мізде қа­был­данып жатқан заң­дар­дың сапа­сын арттыру мен заңға ба­ғыну жүйе­сінің орнығуына ай­рық­ша үле­сін қосып жүрген айтулы заңгер болуы да әке аманатына адал­дығы­ның жемісіндей әсерге бө­лейді. Ата дәстүріміз бойынша от­ба­сында ананың орны ай­рық­ша. Көпбалалы Әнуар Төле­генұлы­ның шаңырағында да дәл сол дәстүр жалғасын тапты. Құқық қор­ғау саласы қызметкерлерінің шаңы­рағында өскен жандар жақсы біледі – отағасы таңның атысы, күн­нің батысы үй көрмей, жұмыс­тан қолы қалт босамай, сыртта жү­ретіндіктен отбасының бар тау­қыметі ота­на­сының мойнына жүк­теле­тінін. Ерекеңнің анасы Әтіркүл Көкенқы­зы да ерінің алаңсыз қыз­мет етуіне бар жағдайды жасап, отбасының бітпейтін күйбең тір­лігін өз мой­ны­на алуына тура ке­ле­ді. Сегіз баланы дүниеге әкелген ба­тыр ана 4 ұл, 4 қыз­ды аналық мейірім­ге бөлеп, жастай еңбекке баулып, қатарлары­ның алды қылып өсіреді. Қандай қиын­дық болса да қабақ шытпай, сабырлық танытып, «ашу – дұшпан, ақыл – дос» дегенді өмір­лік ұстаны­мына айналдырып, бия­зы қалпынан айнымайтын қа­сиеттері Ерекеңнің бойына сол ана сүтімен дарыған шы­ғар. Еркін Әнуарұлы 1961 жылғы 3 қыркүйекте сол кездегі Шым­кент облысы Созақ ауданының Шо­лаққорған ауылында дүниеге кел­ген. Шымкент қаласындағы С.Ки­ров атындағы №9 орта мектепті үздік аяқтағаннан кейін әке жолын жал­ғастырып, 1980 жылы КСРО Іш­кі істер министрлігінің Қараған­ды жоғары мектебіне оқуға түседі де, 1984 жылы «құқықтану» маман­ды­ғы бойынша диплом алып шы­ға­ды. 1987-1990 жылдар аралығында КСРО Ішкі істер министрлігінің Мос­ква жоғары мектебінің «Қыл­мыс­тық құқық» кафедрасында адъюнкт (аспирант) болып білімін жал­ғастырып, сонда 1990 жылы «Қыл­мыс классификациясы және оның қылмыстық-құқықтық мәні» тақырыбында заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазған диссертациясын сәтті қорғайды. Ал 1999 жылы Мәскеу қа­ласындағы Ресей ғылым ака­де­миясының мемлекет және құқық инс­титутында «Қазақстан Рес­пуб­ли­касының қылмыстық құқық бойын­ша қылмыс классифика­ция­сының теориялық мәселелері» та­қы­рыбында жазған диссертациясы жо­ғары бағаланып, заң ғылым­дары­ның докторы атанды. 2002 жы­лы Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комис­сия­сының шешімімен профессор ғы­лыми атағы берілді. Еңбек жолын 1984 жылы өзі оқыған Қарағанды жоғары мек­тебінде комсомол комитетінің хат­шысы болып бастаған жас ма­ман 1996 жылға дейін сол жоғары оқу орнында оқытушы, аға оқыту­шы, доцент, бөлім бастығы қызмет­тік өсу сатыларынан өткен. Одан кейін бір жыл Қазақстан Респуб­ли­касы мемлекеттік тергеу коми­те­ті­нің айрықша тапсырмалары бойын­ша аға инспекторы қызметін абы­рой­мен атқарып, 1997 жылы Қара­ғанды жоғары мектебіне оқу ісі жө­ніндегі бастығы болып оралған. 1999-2000 жылдары ҚР Ұлттық қауіп­­­сіздік комитетінің оқу орнын­да басқарма бастығы болды. 2000-2003 жылдары ҚР Парламенті Мә­жілісі төрағасының кеңесшісі, одан кейін 2007 жылға дейін Қазақ гуманитарлық-заң университетінің проректоры, бірінші проректоры, ви­це-президенті қызметтерін ат­қарды. 2007-2011 жылдары үш жыл ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, бір жыл «Парасат» ғылыми-техноло­гия­лық холдингі» АҚ басқарма мү­шесі – басқарушы директоры бо­лып, еліміздің ғылымының дамуына елеулі еңбек сіңірді. 2011-2012 жыл­дары «Астана» университетінің рек­торы биік лауазымын атқарса, одан кейін үш жыл Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің деканы, уни­вер­ситеттің оқу ісі жөніндегі прорек­торы қызметтерінде білім ордамыз­дың дамуына айрықша үлесін қосты. 2015-2016 жылдары ҚР Бас про­куратурасының жанындағы Құ­қық қорғау органдары акаде­мия­сы­ның бірінші проректоры лауазы­мын­да болып, одан кейін бір жыл ҚР Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистрлігінің Дін істері коми­те­тінің төрағасы қызметін абыроймен атқарды. 2019-2020 жылдары жаңа­дан құрылған «Отандастар қоры» коммерциялық емес АҚ басқарушы директоры болып, шет елдердегі қ­азақ диаспорасы мәселелерінің оң ше­шілуіне еңбегін сіңірді. Еркін Оңғарбаев Тәуелсіз Қа­зақ­станда заң талабын ны­ғайту мен заңдарды жетілдіру бойын­ша елеулі еңбек сіңіріп ке­леді. Атап айтқанда, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер мәселелері бойынша Қазақстан Республи­ка­сы­ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң тұжырымдамасы жобасының, со­нымен қатар «Діни қызмет пен діни бірлестіктер мәселелері бойын­­ша Қазақстан Республика­сы­ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Шетелдердегі отандас­тары­мыз­ға мемлекеттік көмек беру тура­лы» заңдар жобасының, 2020-2030 жылдар аралығында шетел­дер­дегі қазақ диаспорасы мен ре­патрианттарға қолдау көрсету жө­ніндегі мемлекеттік бағдарлама тұ­жырымдамасы жобасының ав­тор­ларының бірі. Қазақстан Прези­ден­ті жанындағы Адам құқын қор­ғау жөніндегі комиссияның Экс­перттік кеңесінің және Жоғарғы со­т жанындағы Ғылыми-кон­суль­тативті кеңестің тұрақты мүшесі, Пре­зидент жанындағы Адам құқын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі (2012-2016 жылдар) болуы заң саласының жоғары дәрежелі ма­маны екенін айғақтайды. Еркін Әнуарұлының елімізде ғылымның дамуына сіңірген ең­бегі өз алдына бір төбе. Білім жә­не ғылым министрлігі Ғылым ко­митетінің төрағасы қызметін ат­қар­ған кезде елімізде ғылыми жұ­мыс­ты ұйымдастырудың жаңа талап­тарын, соның ішінде ғылыми нә­тижелерді және ғылыми-тех­ни­ка­лық қызметті комерциялан­дыру­ды жүзеге асыруға мүмкіндік туғыз­ған «Ғылым туралы» заңның даяр­ла­нуына ұйытқы болды. «Ғылым қоры» АҚ директорлар кеңесінің (2007-2010 жылдар) және «Парасат» ұлт­тық технологиялық холдинг» АҚ дирек­торлар кеңесінің мүшесі бол­ған кезінде де елімізде ғылыми тех­нологияның өрістеуіне зор үлес қосты. «6D030100 – құқықтану», «6D030200 – халықаралық құқық» ма­мандықтары бойынша фило­со­фия докторы (PhD) ғылыми дәре­же­сін беретін Л.Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық университетінің (2015 ж.), Қазақстан Бас про­кура­тура­сы жанындағы құқық­тық ор­ган­дар академиясы (2015-2016 жылдар) диссертациялық кеңес­тері­нің төрағасы, Қазақ гумани­тар­лық-заң университетінің, әл-Фара­би атындағы ҚазҰУ, Қарағанды «Бо­ла­шақ» университетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академия­сы­ның докторлық диссертациялық кеңес­терінің мүшесі болған кезінде саланы жас ғалымдармен толық­тыру­ға өлшеусіз еңбек сіңірді. Ға­лым­ның жетекшілігімен үш док­торлық, он жеті кандидаттық, екі PhD докторантының диссертациясы сәтті қорғалды. 150-ден аса ғылыми еңбегі: қылмыстық құқық, кри­ми­но­­логия, құқықтың теориялық мә­се­лелері, білім мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты моногра­фия­лары, оқулықтары, оқу-құрал­дары, ғылыми мақалалары отандық жо­ғары оқу орындарында маман даярлауда білім алушылар мен про­фессор-оқытушылар үшін аса зәру әдебиеттер ретінде пайдаланылып жатыр. Еркін Әнуарұлы тәуелсіз елі­міз­дің заңнамасына, халқы­мыз­дың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытына және отандық білім мен ғылымның дамуына сіңір­ген ерен еңбегі үшін «Құрмет» орде­ні­мен, «Қазақстан Республикасына ең­бегі сіңген қайраткер» құрметті ата­ғымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамб­лея­сына 20 жыл», «Астана қаласына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгілерімен және ми­нистрліктер мен қоғамдық ұйым­дардың медальдары, төсбел­гілері, мақтау грамоталары және ал­ғыс хат­тары­мен марапатталған. Еркін Әнуарұлы 2020 жылдың қаңтар айынан бас­тап 25 жылдық мерейтойы аталып жатқан еліміздегі маңдайалды оқу орны – Лев Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қыз­ме­тін жоғары кәсіби деңгейде абы­рой­мен атқарып келеді. Білім ор­да­мыздың екі жылдан бері ұлттық жә­не ха­лықаралық рейтингте топ жа­рып, үлкен нәтижелерге қол жет­кізуі осы салаға жауапты про­рек­тордың жүйе­лі жұмыс жүргізуге ба­ғыттаған ме­неджерлік еңбегінің же­місі еке­ніне көпшілік куә.

Қайрат САҚ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, алаштанушы

Серіктес жаңалықтары