50258
Жамбыл облысының Байзақ ауданында ер адам бажасының үйіне оқ атқан
Жамбыл облысының Байзақ ауданында ер адам бажасының үйіне оқ атқан
Жамбыл облысында мас ер адам өз туысының үйінің қақпасына оқ жаудырған. Полиция аталған факті бойынша тергеу бастады деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2 қыркүйек күні түнде 102 нөміріне Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының 34 жастағы тұрғынынан хабарлама түскен.
Әйелдің сөзінше, ол күйеуімен бірге туған әпкесіне қонаққа барған. Дастархан басында ішімдік ішкен бажалар жанжалдасып қалған. Нәтижесінде полицияға хабар берген әйелдің 49 жастағы күйеуі үйінен қару әкеліп, өзіне есік ашпайтынын түсінген соң қақпаға оқ жаудыған. Ер адам қолға түскен. Полиция аталған факті бойынша тергеу бастады.
"Қылмыстық-атқару кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің басқа мәліметтері тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды", - деді құқық қорғаушылар.