Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
50184

5 қыркүйекте Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Түнде 5 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 5 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде және батысында шаңды дауыл, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады Ақмола облысының батысында найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 5 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының батысында батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары