Алматы облысында мас әйел көпірден секірмек болды (видео)

Алматы облысында мас әйел көпірден секірмек болды (видео)

Алматы облысында мас әйел көпірден секірмек болды (видео)
ашық дереккөзі
50284
Алматы облысында мас әйел көпірден секірмек болды, деп хабарлайды polisia.kz. Қаскелеңде патрульдік полиция ротасының командирі Б.Жарқынбеков пен РПП қызметінің инспекторы Н.Жұматаев Жер-Ана базарына іргелес аумақты бақылап жүрген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қаскеленка өзенінің бойында Асқаров көшесіндегі көпірде тұрған әйелді байқап қалады. Ол көпір қоршауына қолымен ұстап тұрып, төмен секіргісі келетінін айтқан. Полицейлер еш ойланбастан оған көмекке ұмтылды. 36 жастағы қала тұрғынының алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Ол бұл әрекетінің себебін түсіндіргісі келмеді. Ал ұйықтап тұрғаннан кейін полиция қызметкерлері мұндай жағдай қайталанбайтынына кепілдік алып, ұсталған әйелді үйіне жіберді. https://youtu.be/1xFVxI10440  

Серіктес жаңалықтары