Жамбылдағы жарылыс: тағы бір өрт сөндіруші ауруханада қайтыс болды

Жамбылдағы жарылыс: тағы бір өрт сөндіруші ауруханада қайтыс болды

Жамбылдағы жарылыс: тағы бір өрт сөндіруші ауруханада қайтыс болды
ашық дереккөзі
50261
 Жамбыл облысында әскери қоймада болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. "Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды. Бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын", - делінген хабарламада. Осылайша Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. Олар азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері, қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор.

Серіктес жаңалықтары