Бүгін - Отбасы күні

Бүгін - Отбасы күні

Бүгін - Отбасы күні
ашық дереккөзі
51419
Елімізде бүгін Отбасы күні аталып өтіледі. Қыркүйектің екінші жексенбісіне белгіленген аталған мереке биыл 12 қыркүйекке сәйкес келіп отыр.  2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. «Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді», - деген еді Елбасы Отбасы күніне арналған алғашқы құттықтауында. Отбасы күні еліміздің түкпір-түкпірінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетіледі. 2014 жылдан бері Елбасы ұсынысымен аталмыш мерекеге орай «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіліп келеді.

Серіктес жаңалықтары