50197
Қарағандыда бір жыл бұрын жоғалған бармен өлі табылды
Қарағандыда бір жыл бұрын жоғалған бармен өлі табылды
Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғыны, бір жыл бұрын жоғалған Қасымхан Жұмашев өлі табылды. Бұл туралы ақпарат 11 қыркүйекте Instagram желісінде қарағандылық еріктілердің Rina.KZ парақшасында жарияланды. Tengrinews.kz. сайтының жазуынша, ер адамның қандай жағдайда қайтыс болғаны нақтыланбаған.
2020 жылғы 26 тамызда Қасымхан ҚарМТУ магистратурасына түсу үшін емтихан тапсырмақ болған. Туыстарының айтуынша, ол бұған ұзақ уақыт дайындалған, бірақ сол күні түсте анасына қоңырау шалып, кешке үйге келмейтінін - досының үйінде қалатынын айтқан. Сол уақыттан бері жігіттің телефоны сөндіріліп тұрған. Сол күні кеште ол досына бармаған.
Қасымханның туыстары жігіт бұрын жоғалмағанын және ұзақ уақыт байланыссыз қалмағанын айтқан. Ол жергілікті кинотеатрлардың бірінде бармен болып жұмыс істеген және барлық әріптесі ол туралы тек жақсы пікір айтады.