Мәңгі жас Алматыға – 1000 жыл

Мәңгі жас Алматыға – 1000 жыл

Мәңгі жас Алматыға – 1000 жыл
ашық дереккөзі
386

Алматыда балалар мен жасөспірімдер арасында Алматының 1000 жылдығына арналған шығармашылық байқау өтті. 210 үміткер қатысқан өнер сайысында 19 өнерпаз жүлдегер атанды. «Нұрлы жастар» орталығы ұйымдастырған шараға 5 жас пен 18 жас аралығындағы жеткіншектер қатысқан еді.

Биылғы байқау «Мәңгі жас Алматыға – 1000 жыл» деген тақырыпта ұйымдастырылды. Үміткерлер 8 аталым бойынша бақ сынап. «Көркем сөз» номинациясы бойынша Талғар қаласы Сәкен Сейфуллин  атындағы №2 мектеп оқушысы Нұрмұханбет Перизат (9 жас),  Алматы қаласы  №140 мектеп оқушысы Біләл Әлібек (11 жас),  М.Тәжин атындағы  орта мектеп оқушысы Ұлықпан Әлішер (13 жас), №9 оқушылар үйі атынан қатысқан Айша Аралбаева  (12 жас) мен Дәурен Қадыр (13 жас), Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияның оқушысы Тоғжан Абай (10 жас), №20 Дарын мектебінің оқушысы Назерке Нұрбосын (17 жас) қатысып, жүлдегер атанды. «Шығарма» аталымы бойынша берілген тақырыптарға шығарма жазудан Іле ауданы, №30 орта мектеп оқушысы Аяулым  Бердығұлова (12 жас), Ақтөбе қаласы, Шалқар ауданынан келген Нұртілек Тағыберген (11 жас) марапатталды. «Аспапта ойнаудан» «Балдәурен» домбырашылар ансамблі, Жұлдыз Матбуса, №136 мектеп-гимназия оқушысы Дінислам Абитилда (15 жас),  №11  мектеп оқушысы Мұхамедияр  Бекболат (14 жас), №11 мектеп оқушысы Асанәлі Батырхан (10 жас), №11 Балалар музыкалық мектебінің шәкірті Айдана Итемирова (14 жас) жүлдені жеңіп алды. «Хореографиядан» №2 мектептің «Балауса» тобы, «Бейнелеу өнері» бойынша Қаракөл орта мектеп-бақшасының оқушысы Олжас Раимханов (13 жас),  «Эстрадалық вокал» аталымын №148 мектеп-гимназиясының шәкірті Аружан Қадыржұма (9 жас), Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназиясынан келген «Ди voice» дуэтінің орындаушылары жеңімпаз атанды. dsc_0001-12 Байқауға әйгілі диктор Аманжан Серіков, мәдениет қайраткері Мұхамедқұл Смағұлов, әнші Меруерт Мүсірәлі, Болат Аюхановтың жетекшілігіндегі ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының балетмейстері Анвара Садықова сынды өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасы төрелік етті. «Дәстүрге айналған байқауға қатысқысы келетін үміткерлердің саны жыл сайын артып келеді. Әсіресе, мінезі тұйық, жасқаншақ балалардың ата-аналары бұндай байқаулардың жиі өтіп тұруын қалайды», – дейді орталықтың қоғаммен байланыс маманы Айжан Шәкенова. Сондай-ақ, келесі байқау «Жастар ұлт болашағы» деген тақырыпта өтпек. Бұл байқаудың өзгешелігі, үміткерлерді бағалайтын аталымдар қатары сән үлгісі, қолөнер сынды номинациялармен толықпақ.  

Жәнібек ҒАЛЫМ

Серіктес жаңалықтары