ДДСҰ ресейлік "Спутник V" вакцинасын мақұлдау процесін уақытша тоқтатты

ДДСҰ ресейлік "Спутник V" вакцинасын мақұлдау процесін уақытша тоқтатты

ДДСҰ ресейлік "Спутник V" вакцинасын мақұлдау процесін уақытша тоқтатты
ашық дереккөзі
50236
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің «Спутник V» вакцинасын мақұлдау процесін уақытша тоқтатты. "Хабар 24"-тің мәліметінше, оған препарат өндіретін зауыттардың бірінде сапа стандарттарының сақталмауы себеп. Енді өндірушілер кемшіліктердің бәрі жойылғаны туралы сауал жолдауы тиіс. Осыдан кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тағы да зауытты тексеретін болады. Ұйым өкілдері вакцинаға қатысты теңсіздік мәселесіне әлі де алаңдаулы. Әлем елдерін үшінші бустерлік дозаны салуды жыл соңына дейін тоқтата тұруға шақырады. Қолда бар мәлімет бойынша әлемде 5,5 миллиардтан аса екпе жасалынған. Соның 80%-і бай мемлекеттерде салыныпты. Бұл ретте Еуроодақ келер жылы табысы орташа не төмен елдерге екпенің 200 миллион дозасын бөлетін болды. Жалпы қазір осы Еуроодақ елдерінде вакциналау бойынша талап күшейтіліп жатыр. Мәселен, Италияда ковид-сертификатынсыз кәсіпорын және мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа кіре алмауы мүмкін. Ал Францияда медицина саласы мен қарттар үйінің қызметкерлеріне, сондай-ақ өрт сөндірушілерге 15 қыркүйекке дейін екпе салдыруға уақыт берілген. Ережеге бағынбағандарға жұмыстан кететіндері ескертілген.

Серіктес жаңалықтары