224
Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы неге көтерілгенін түсіндірді
Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы неге көтерілгенін түсіндірді
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 маркалы бензиннің бағасының көтерілуіне байланысты түсінік берді.
«АИ-92 бензині бағасы реттелмейді. Нарықта қазақстандық бензин елеулі түрде ұсынылған, сонымен қатар Ресейден де ұсыныс бар. РФ-тен келетін көтерме баға Қазақстан зауыттарына қарағанда қымбаттырақ. Биылғы жаңғырту жұмыстарына байланысты «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жоспарлы күрделі жөндеуге шықты. Онда технологиялық үдеріске тікелей қатысты қондырғылар жаңғыртылуда. Өндіріс 12-сіне қарай жөндеуден шығып, мұнай өнімдерін өндіруді жандандырады»,-деді Қ. Бозымбаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
«Бұл өз кезегінде осы зауыттағы ашық түсті мұнай өнімдерін шығаруды 4-5 пайызға төмендетіп, сәйкесінше ішкі нарыққа өнім жеткізілімі азайды. Яғни, АИ-92 маркалы арзандау қазақстандық бензиннің үлесі төмендегендіктен, ресейлік бензин нарыққа көбірек кіре бастады. Ал РФ бензині қымбаттау екені түсінікті»,-деді министр.
Сөз соңында ол жақында баға реттелуі мүмкін екенін айта келе, өткен жылы да осындай жағдай орын алғанын еске салып өтті.