Қазақстандық оқушылар халықаралық конкурстан жүлделі оралды

Қазақстандық оқушылар халықаралық конкурстан жүлделі оралды

Қазақстандық оқушылар халықаралық конкурстан жүлделі оралды
ашық дереккөзі
126
Қазақстандық жоғары сынып оқушылары Бразилияның Порту-Алегри және Нову Гамбург қалаларында өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауына қатысты. Шығармашылық жарыс Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia (Mostratec) 31-ші Халықаралық білім көрмесі шеңберінде өткен. Шараны ұйымдастырған — Бразилияның Liberato қоры. Бұл қор ғылым мен технологияларды дамыту үшін білікті мамандар дайындауға ықпал ететін қоғамдық институт. Mostratec көрмесінің мақсаты — оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын ынталандыру, ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету және оқушылармен жұмыс істеу үшін мамандарды тарту. Қатысушылар қазылар алқасының назарына математика, физика, химия және информатикадан зерттеу жұмыстарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша, қазақстандық оқушылар 7 алтын, 6 күміс және 7 қола медальға ие болды. Үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және білім гранттарымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары