396
Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонын қайтарды
Ресей Қазақстанға Тайсойған полигонын қайтарды
Ресейлік әскерилер Қызылқоға ауданындағы Тайсойған полигонының және Атырау облысының Ақжар ауылындағы әскери бөлімшенің қажеттілігіне жалға алынып келген жерлерді қайтарып жатыр.
«Бертінге дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған полигонында Ресей Федерациясының жалға алу иелігінде 749 мың гектар жер болды. Ендігіде тек 125 мың гектар қалып отыр. Атырау маңында орналасқан Ақсай ауылдық округінің Ақжар кентінде ресейлік әскерилердің қолданысында 753 гектар жер болды. 740 гектарды әскери тарап Қазақстанға қайтарып жатыр», — деп атап өтті ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Енсегенов.
Жерлерді қайтару Қазақстан аумағында орналасқан Ресейдің 929-ыншы мемлекеттік ұшу-сынау орталығының нысандарын пайдалану жөніндегі екі ел арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР мен РФ үкіметтері арасында жасалған келісімдер аясында өтуде. Бұл келісімдер Ресейдің әскери қажеттіліктер үшін территорияларды жалға алуын қысқартуды қарастырады.