190
Қырғызстанда шетел азаматтарын міндетті тіркеу жүйесі енгізілді
Қырғызстанда шетел азаматтарын міндетті тіркеу жүйесі енгізілді
Қырғызстанда шетел азаматтарын міндетті түрде тіркеу жүйесі енгізілді. Осылай деп елдің СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Бұл «Сыртқы миграция жөніндегі» заңға қабылданған өзгерістерге байланысты болып отыр.
4 қарашадан бастап Қырғызстан аумағында 5 күннен артық жүретін шетел азаматтары міндетті түрде тіркелуге тиіс. Заңды бұзғандар 10 мың сом айыппұл төлейді.
Тек Ресей азаматтары ғана қырғыз жерінде 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Қазақстандықтар үшін таяуда қабылданған келісім ратификацияланғаннан кейін ғана 30 күн тіркеусіз жүру ережесі күшіне енеді.
Шетел азаматтарын тіркеуді Мемлекеттік тіркеу қызметі жанындағы тұрғындарды тіркеу департаменті жүзеге асырады.
Ал дипломатиялық, елшілік қызметкерлерін СІМ-нің консулдық қызметі тіркеуге алады.