50225
Қазақстанда өткен тәулікте 51 адам қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 51 адам қайтыс болды
Коронавирустық инфекция белгілері мен пневмонияның өлімінің тіркелген жағдайлары туралы деректер жаңартылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 8 қазанда COVID-19 ПТР тест оң нәтижесімен 41 өлім тіркелді, теріс нәтиже көрсеткен 10 өлім (коронавирус белгілері бар пневмония). Сондай-ақ өңірлердегі деректер де жарияланды.