Тайсон екі рет нокдаунға түссе де, қарсыласын тағы да нокаутпен жеңді

Тайсон екі рет нокдаунға түссе де, қарсыласын тағы да нокаутпен жеңді

Тайсон екі рет нокдаунға түссе де, қарсыласын тағы да нокаутпен жеңді
ашық дереккөзі
50264
Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena спорт кешенінде аса ауыр салмақтағы британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) мен америкалық Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 КО) арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Хабар 24 Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Кездесудің бірінші секундынан бастап Уайлдер шабуылға шығып, рингтің ортасын өз бақылауына алды. Фьюри бірінші раундтың тек соңында ғана қарсыласына екі соққы өткізе білді.  Екінші раундты та америкалық боксшы белсенді өткізді. Ал үшінші раунд аяқталар тұста Тайсонның бір соққысы сәтті шығып, Деонтейді нокдаунға жіберді. Бірақ Уайлдер де бірден жауап берді. Төртінші раундта ол WBC белбеуі иегерін нокдаунға түсірді. Бесінші раунд тең өтсе, жетінші раундта Фьюридің екі-үш мықты соққысы өтті. Оныншы раунда Тайсон қарсыласын тағы нокдаунға жіберсе, 11 кезеңде британиялық боксшы Уайлдерді нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Еске салайық, бұл боксшылар осымен үшінші рет кездесті. Олардың бірінші кездесуі 2018 жылдың желтоқсан айында өтіп, тең аяқталған. Екінші айқас 2020 жылдың қаңтарында болып, Фьюри Уайлдерді нокаутқа жіберген еді.

Серіктес жаңалықтары