Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты «мамасының баласы» дегендерге жауап берді

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты «мамасының баласы» дегендерге жауап берді

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты «мамасының баласы» дегендерге жауап берді
ашық дереккөзі
50882

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты «мамасының баласы» деп мазақ қылатын көпшілікке жауап берді. Instagram-дағы жеке парақшасына жариялаған жазбасында ол көп жыл бойы осындай қаңқу сөз естіп келсе де, ұлына риза болатынын айтты.

Елін-жерін, отанын сүю ер азамат үшін бірінші болып анасын құрметтеуден басталады. Анасын құрметтей алмаған адамда қайдан мейірім болсын. Мен тек Қайраттың анасы емес продюсерімін, соны біле тұра “Мамасының баласы” деп қаншама жылдар мысқылмен тиісіп келгендер аз болған жоқ. Балам осындай сөздерден жауыр болған шығар, намыстанбасын деп, өзімді алшақ ұстауға да тырыстым, көп жерлерге бірге шақырылсақ та, сен барып келе бер деп қала салатын кездерім де болды. Алғашқы жылдары халықтың алдында абыройы түсіп не болмаса, қаншама аяғынан шаламын деушілердің тұзағына түсіп қалмасын, жас әрі аңғал алданып қала беретін мінезі бар ғой деп, бір жағы продюсерлік жұмысым тікелей байланысты болғандықтан көзімнен таса қылмай, әрбір жұмысын ешкімге сенбей түгел өзім жасайтынмын. Тіптен ақшасын алғанымен жұлып тастапты, қыздар ұрлап кетіпті деп айта берген соң, көшеге түн жарымда ешкімге көрінбей шығып афишаларын да өзім жабыстыратынмын. Естеріңізде болса, жыл сайын 25 ші ақпан Республика сарайында туған күнін халықпен тойласын деп концертін жасайтынмын. Қыс мезгілі болғандықтан аяздан афишалар не скотчпен не клеймен жабыспай, саусақтарым үсіп қалған кездерім де болған. Бірақ мені аяп жүректері ауырмасын деп не күйеуіме, не балама айтпайтынмын. Ана мен бала арасындағы құрмет кей біреулерге ұнамай, қаншама жағымсыз сөздер айтылып, жазылып жатса да, ұлыма риза болғаным, керісінше: Менің анам деп жүрегі толы мақтанышпен, анаға деген құрметін жастарға паш етуден, үлгі болудан жалыққан жоқ. Кім не десе де ешбір бала анасын, аналар өз баласын жоғалтпасын!
(Жазбадағы орфография мен пунктуация сақталған).

Серіктес жаңалықтары