50230
Тәліптер Өзбекстан билігімен бірқатар келісімге келді
Тәліптер Өзбекстан билігімен бірқатар келісімге келді
Өзбекстан билігі мен «Талибан» қозғалысының мүшелері электр желілерін тарту және теміржол салу туралы келісімге келді.
Термез қаласында өзбек-ауған делегацияларының кездесуі өтті. Қатысушылар шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сауда, энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөз нәтижесінде жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданды. Олар аймақтағы өзекті мәселелерді зерттеп, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Ал алдағы 10 күнде «Талибан» мен Өзбекстан үкіметінің өкілдері екі жақты қарым-қатынасты дамытудың жол картасын дайындайды. Айта кетейін, Өзбекстан делегациясын елдің Премьер-Министрінің орынбасары Сардор Умурзаков, ал ауғандарды Ауғанстанның уақытша үкіметінің орынбасары Абдул Салам Ханафи басқарды.