50409
Қарағанды облысында көлік апатынан жаяу жүргінші қаза тапты
Қарағанды облысында көлік апатынан жаяу жүргінші қаза тапты
Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында «Шансиман» жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап Turkystan.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде Сәтбаевта болған жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды. Кадрларда жүк көлігінің жүргізушісі баяу қозғалғанын көруге болады. Алайда ауыр көлікті тоқтата алмай, нәтижесінде адамды қағып кеткен. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан қайтыс болды.
«Бұл жүргізуші жылдамдықты асырмаған, алайда көлік құралы мен жүктің ерекшеліктерін есептемеген және уақтылы тежеу шараларын қолданбаған жағдайды көріп отырмыз. Жол қозғалысы ережелерінде жүргізуші қозғалыс қарқынын, көлік құралы мен жүктің ерекшеліктері мен жай-күйін, жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, көлікті шектеуден аспайтын жылдамдықпен жүргізуі керек», - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Алмаз Саламатов.
33 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс сотқа берілді. ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі кінәліні 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.