Дәрігерлер COVID кезіндегі жөтел мен әдеттегі жөтелді қалай айыруға болатынын айтты

Дәрігерлер COVID кезіндегі жөтел мен әдеттегі жөтелді қалай айыруға болатынын айтты

Дәрігерлер COVID кезіндегі жөтел мен әдеттегі жөтелді қалай айыруға болатынын айтты
ашық дереккөзі
50416
Британдық дәрігерлер COVID-19 кезінде пайда болатын жөтелді қалай анықтау керектігін айтты. Мамандардың сөзінше, қауіпті індетті жұқтырғандардың 68%-ы құрғақ жөтелге шағымданған деп хабарлайды baq.kz порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл – COVID-19-дың ең таралған симптомдарының бірі. Дәрігерлер «ковидтік» жөтел көбінесе қақырықсыз, өкпеден шығатын жөтел деп отыр. Сонымен қатар дәрігерлер құрғақ жөтел әрқашан коронавирустың белгілері болмауы мүмкіндігін алға тартты. Құрғақ жөтелге аллергия, демікпе және басқа да аурулар себеп болуы мүмкін деп отыр. Сарапшылар бір симптомға сүйеніп коронавирусты суық тиюден ажырату өте қиын дейді. Сол себепті денсаулығыңыз мазалаған жағдайды ауруды асқындырмай, бірден маман көмегіне жүгінуге кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары