50301
370 миллион теңге: Антикор «Астананың» бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жұмыстарын бастады
370 миллион теңге: Антикор «Астананың» бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жұмыстарын бастады
«Ақтөбе» клубының бұрынғы спорт директоры Асхат Қалжанов «Астана» командасында лауазымды қызмет атқарған бірнеше адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлайды, деп жазады Sports.kz «Серый Кардинал» телеграм парақшасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, оларға 2018-2021 жылдар аралығында 370 миллион теңге көлемінде ақша жымқырды деген айып тағылған.
«Астана» клубындағы сенімді дереккөз бұл ақпаратты растады. Күдікке ілінгендердің қатарында бірдей үш басшы бар, олар: Михаил Гурман, Пол Эшуорт және Давид Лория, сондай-ақ қаржы полициясының мәлімдеуінше бұл айла-шарғымен байланысты бірнеше адам бар», – делінген жазбада.