«Ешбір ананы баламен сынамасын». Жұлдыз Әбдікәрімова жүрегіне ота жасалған ұлының жағдайы туралы айтты

«Ешбір ананы баламен сынамасын». Жұлдыз Әбдікәрімова жүрегіне ота жасалған ұлының жағдайы туралы айтты

«Ешбір ананы баламен сынамасын». Жұлдыз Әбдікәрімова жүрегіне ота жасалған ұлының жағдайы туралы айтты
ашық дереккөзі
51987
Белгілі әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың ұлына ота жасалды. Нарұл Нұртастың қазіргі жағдайы туралы анасы Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. "Жүрек катетеризациясы сәтті өтті. Нарұлды жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. Танымал отбасындағы жағдайға байланысты әлеуметтік желі қолданушылары жанашырлық танытып, көңілдерін білдіріп жатыр. Бұған актриса разылығын білдіріп, алғыс айтты. «Құдай ниетіңе қарай береді дейді ғой. Қазақтың ниеті де, көңілі де қандай кең еді. Нарұлдың ауруханаға жатқанын естіп, 1 сағаттың ішінде қаншама жылы тілек, дұға келіп жатыр. Өмірде көрмеген, таныс емес жандар жылап, уайымдап жазып жатыр. Тіпті, “ертең ауруханаға барамыз” деп жазып жатқандар қаншама. Алла ниеттеріңізге еселеп берсін! Ешқайда барудың қажеті жоқ, карантин кезінде өзімізді де кіргізбей жатыр. Сондықтан бізге дұғаларыңыздан асқан қолдау жоқ. Алла ешбір ананы баламен сынамасын! Жақсы күндерде жолығайық!» деп жазды Жұлдыз.

Серіктес жаңалықтары