«Саусағын тістеп алған». Түркияда түнгі клуб күзетшісінен таяқ жеген қазақ қызына қатысты елшілік мәлімдеме жасады

«Саусағын тістеп алған». Түркияда түнгі клуб күзетшісінен таяқ жеген қазақ қызына қатысты елшілік мәлімдеме жасады

«Саусағын тістеп алған». Түркияда түнгі клуб күзетшісінен таяқ жеген қазақ қызына қатысты елшілік мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
50318
Биыл 11 шілдеде Түркияның Ыстанбұл қаласындағы түнгі клубтардың бірінде Қазақстан азаматтарына қатысты келеңсіз жағдайға байланысты еліміздің Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Turkystan.kz. «Түнгі клубтың күзетшiлерi мен қазақстандық азаматшалар арасында туындаған түсініспеушілік қол көтеруге дейін жеткен. Күзетшiлердiң соққыларынан қорғанған ҚР азаматшасы Ұлбосын Малғаждарова күзетшілердің бірінің саусағын тістеп алған. Нәтижесінде дене жарақатын келтiргенi үшiн полиция Ұ.Малғаждарованы қамауға алды. Орын алған оқиға бойынша не аталған азаматшалар, не олардың жақындары Қазақстанның Түркиядагы елшілігіне жүгінген жоқ. ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұлдағы Бас консулдығы болған жағдайды өз күштерімен анықтап, тиісті консулдык қолғабыс көрсету шараларын қолға алды. Мәселені шешу мақсатында дереу Түркияның тиісті органдарымен байланыс орнатылды. Түркияның Сыртқы iстер министрлiгi өкiлдерiмен арнайы кездесу өткiзiлiп, мәселенің тез әрі әділетті шешiлуi сұралды. Бас консулдық қызметкерлері Ұ.Малғаждарованың жағдайын көру мақсатында уакытша ұстау изоляторына барып, өзімен кездесу өткізді”, – делінген ҚР Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығының мәлімдемесінде.  width= Сондай-ақ , консулдық оның адвокатымен бірнеше рет кездесу еткізіп, тұрақты түрде телефон арқылы ақпарат алып, Қазақстан азаматының жағдайы мен соттағы iсi туралы туыстарын хабардар етіп тұрғаны жайлы баяндайды. «Сондықтан азаматшаның туыстарының Ұ.Малғаждарованың жағдайын білмегені жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды» деп жазылған консулдық мәлімдемесінде. Ресми ақпаратқа сенсек, 26 қазанда Ұ.Малғаждарованың iсi бойынша өткен сот отырысына Бас консулдық кызметкерлері де қатысты. Сот шешіміне сәйкес, Ұ.Малғаждарова сот ici аяқталғанға дейін Түркиядан шықпау шартымен изолятордан босатылды. Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Түркия азаматтарының үстінен қарсы шағым түсірілген. Бас консулдык Ұ.Малғаждарованың сот ісін аяқталғанға дейін бақылауда ұстап, барлық көмек көрсетуді жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары