50217
Салмақ өлшеу кезінде төбелес шығарған боксшыны бірінші раундта қарсыласы нокаутқа түсірді (видео)
Салмақ өлшеу кезінде төбелес шығарған боксшыны бірінші раундта қарсыласы нокаутқа түсірді (видео)
Америкалық боксшы Хосе Сепеда (35-2, 27 KO) бірінші раундта Пуэрто-Рико өкілі Хосуэ Варгасты (19-2, 9 KO) нокаутқа түсіріп, WBC титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Turkystan.kz сайты Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл айқас Нью-Йоркте өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Супер жеңіл салмақтағы (63,5 келі) кездесу бірінші раундта аяқталды. Бұл Варгастың карьерасындағы нокаутпен алғаш жеңілуі болды.
https://www.youtube.com/watch?v=uyUTmhVFBbc&t=231s
Айта кетейік, салмақ өлшеу кезінде боксшылар жаппай төбелес шығарды, vRINGe.com мәліметінше, бұл оқиға үшін Сепеда ғана жазаланды, оның бапкер ағасы шеттелді. "Түсініксіз шешім, өйткені жанжалды шығарған Варгас", - делінген хабарламада.
Slept in his hometown. Sad
— swishstillpimp (@swishstillpimp) October 31, 2021