Қаржылық алаяқтығы үшін халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Германиядан экстрадицияланды
Қаржылық алаяқтығы үшін халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Германиядан экстрадицияланды
Германияда жасырынып жүрген Қазақстан азаматы 32 жастағы Айдос Шәріповты еліміздің Бас прокуратурасы Қазақстанға экстрадициялады. Аталған операция Ішкі істер министрлігімен бірлесе жүргізілген.
Шәріпов Еуроодақ елдерінде, атап айтқанда Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндияда жұмысқа орналасу сылтауымен жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деп күдікке ілінді.
«Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шегушіге келтірілген залал сомасы 34 млн.теңгені құрайды. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды», - делінген Бас прокураптураның таратқан ақпаратында.
Қазіргі таңда Айдос Шәріпов елордадағы тергеу изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.