50200
Қазақстанда тағы өңір "қызыл аймақ" санатына өтті
Қазақстанда тағы өңір "қызыл аймақ" санатына өтті
6 қарашадағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Соған сәйкес Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа, Қостанай облысы "қызыл" аймаққа ойысты.
"Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
"Сары" аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.
"Жасыл" аймаққа: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары енді.