50271
Атырауда бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен балықшылар іздестірілуде
Атырауда бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен балықшылар іздестірілуде
«Амангелді» және «Сеф Каспий фиш» кәсіпорындарының 4 балықшысы 3 қарашада балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Департаменттің хабарлауынша, іздеу жұмыстары 6 қараша күні басталған.
Каспий теңізі жағалауының
"Атырау - Исатай – Құрманғазы" бағытында аэро іздестіру жүруде.
«МИ-8 арнайы ұшағы Атырау қаласынан 09:58-де ұшып шықты. Бортта экипаждың 3 мүшесі, Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері және «Амангелді» ЖШС-нің 1 маманы бар.
Аэровизуалды іздестіру жұмыстары 270 шақырым қашықтықта, яғни Каспий теңізі жағалауының "Атырау - Исатай – Құрманғазы" бағытында жүргізілді.
Бірақ, іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ" , - делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.