181
Клинтон мен Трамп азаматтарды сайлауға қатысуға шақырды
Клинтон мен Трамп азаматтарды сайлауға қатысуға шақырды
8 қарашада өтетін сайлаудағы басты үміткерлер Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп АҚШ президенті кім болатынын шешетін штаттарда сайлаушылармен кездесіп жүр. Екеуі де сайлауда кімге дауыс беретінін әлі шешіп үлгермеген сайлаушыларды өзіне дауыс беруге шақырды.
Сауалнама нәтижесі бойынша, Дональд Трамп Огайо штатында, ал Хиллари Клинтон Пенсильванияда алда келеді. Соңғы апталарда республикашыл үміткер қарсыласын қуып жетуге шақ қалды. Сайлауда кімнің жеңіске жететінін ешкім болжап айтқысы келмейді. 37 миллион америкалықтар алдын ала дауыс беріп қойды.
Сенбі күні WikiLeaks сайты демократтардың сайлау штабының басшысы Джон Подстаның хаттарының кезекті бөлімін жариялады.