248
Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында алда келеді
Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында алда келеді
Америка Құрама Штаттарындағы президент сайлауында республикалық партияның үміткері Дональд Трамп озып келеді. Осы сәтке дейін сайлау колледждерінің көп бөлігі соған дауыс берді.
Трампа елдегі оңтүстік және орталық штаттар, сондай-ақ Техас секілді ірі штаттар дауыс берді. Монтана, Вайоминг және Огайо сайлаушылары да Трампты таңдады.
Демократиялық партияның үміткері Хиллари Клинтон Калифорния, Нью-Йорк, Нью-Мексико, Колорадо және бірқатар шығыс штаттарда басым түсті. Қалған бірнеше штатта дауыс беру нәтижелері саналып жатыр, мұнда да екі үміткер арасындағы ара салмақ үлкен емес. Жеңіске жету үшін әрбір үміткер сайлаушылар алқасының 270 дауысына ие болуы тиіс.
Президенттікке екі үміткер арасындағы бәсекелестіктің қызу өтіп жатқаны соншалық, АҚШ-тың саяси ландшафының екі айырылғаны анық байқалады. Сайлауда жеңіске жеткен үміткерге екі бөлінген электоратты басқаруға тура келеді.
АҚШ-та бұнымен бір уақытта қауымдар палатасын сайлау өтіп жатыр, сонымен бірге америкалықтар сенаттың 34 мүшесін сайлауы тиіс. Төменгі палата республикашылардың бақылауында қалады деп болжанды, бірақ демократтар сенатта кем дегенде қосымша төрт орын алуға талпынып көреді.