Түркістан облысында жаңа туған нәрестенің мәйіті өзеннен табылды

Түркістан облысында жаңа туған нәрестенің мәйіті өзеннен табылды

Түркістан облысында жаңа туған нәрестенің мәйіті өзеннен табылды
ашық дереккөзі
50286
Түркістан облысында өзеннен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Бұл туралы Otyrar.kz  жазды. 19 қарашада Сайрам аудандық полиция бөліміне тұрғындардан жаңа туған нәрестенің мәйіті ағынды судан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция дереу оқиға орнына жетті. Жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Серіктес жаңалықтары