50277
“Шатыр жасап беремін”: Қызылорда тұрғыны миллион теңгесінен айырылды
“Шатыр жасап беремін”: Қызылорда тұрғыны миллион теңгесінен айырылды
Қызылордалық тұрғын алаяққа алданып, миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қараша күні 39 жастағы қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына хабарласты. Ол өз арызында белгісіз біреу үйдің қорасына шатыр істеп беремін деп сеніміне кіріп, 1 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не шатыр жасап бермей жүргенін көрсеткен.
Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысты жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматтың басқа да оқиғаға қатыстылығын анықтауда.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.