Дональд Трамп АҚШ-тың 45- президенті болып сайланды

Дональд Трамп АҚШ-тың 45- президенті болып сайланды

Дональд Трамп АҚШ-тың 45- президенті болып сайланды
ашық дереккөзі
218
еспубликалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп Висконсин штатында жеңіске жетіп, сайлаушылардың 276 дауысын алды деп хабарлайды АP. Осылайша Трамп Құрама Штаттардың 45 - президенті болып сайланды. Жеңіске жету үшін сайлаушылар серіктес мүшелерінің 270 дауысын жинау керек.
Шешуші штаттар Огайо, Флорида және Солтүстік Каролинада Трамптың алға шығуы, оның қарсыласы Демократиялық партия атынан үміткер Хиллари Клинтоннан басып озуына себеп болды. Клинтонда қазіргі уақытта – 215 дауыс. Алайда кейбір штаттарда дауыстарды санау жалғасып жатыр. Трамп Нью-Йоркте өзінің жақтастары Республикалық партияның штаб-пәтерінде сөз сөйледі. Хиллари Клинтон телефонмен Трампты жеңісімен құттықтаған. Хиллари Клинтон кампаниясының менеджері Джон Подеста Нью-Йорктегі Демократиялық партияның штаб-пәтерінде бүгін Клинтон халық алдына шықпайды деді. Бақылаушылар Клинтон сайлау алдында әлеуметтік сұрау бойынша жеңіске жеткенін айтады. Дональд Трамптың жасы 70-те. Ол - ірі кәсіпкер, Trump Organization құрылыс компаниясының президенті, ойын және қонақ үй бизесімен айналысатын Trump Entertainment Resorts компаниясының негізін қалаушы.

Серіктес жаңалықтары