4246
БҚО-да медбике жалған дипломмен 10 жыл бойы адам емдеген
БҚО-да медбике жалған дипломмен 10 жыл бойы адам емдеген
Батыс Қазақстан облысының Жаңақала аудандық ауруханасының медбикесі 10 жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл факті аккредиттеуден өту кезінде анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Аккредиттеуден өту кезінде медициналық мекеме өз қызметкерлерінің дипломдарын қайта тексереді. Бұл үшін олардың тізімі мамандарды даярлаумен және оқытумен айналысатын жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіледі."Амбулаторияның 37 жастағы қызметкерінің медициналық колледжді бітіргені туралы дипломының көшірмесі болды. Бірақ тексеру кезінде колледжде мұндай түлек жоқ екені белгілі болды. Ол кезде әйел декреттік демалыста болған. Ол дипломның түпнұсқасын жоғалтқанын айтып, өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Мен құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл фактіні елемеуге болмайды", - деді БҚО Жаңақала аудандық орталық ауруханасының директоры.Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Жалған құжат жасаушы кім екендігі анықталды.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабы, 3-бөлігі ("жалған құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалған құжаттарды қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз", - деп хабарлады полиция департаменті.