Ақтөбе облысында екі зейнеткер суға батып кетті

Ақтөбе облысында екі зейнеткер суға батып кетті

Ақтөбе облысында екі зейнеткер суға батып кетті
ашық дереккөзі
553

Ақтөбе облысында мал іздеуге шыққан екі зейнеткер суға батып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жөнінде жергілікті полиция департаменті хабарлаған. Темір ауданының тұрғыны 23 қараша күні "Темір" өзенінен адам денесін тауып, полицияға хабар беріпті. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері мен құтқарушылар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан шығарған. Марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені анықталған соң, шамамен 2,5 метр тереңдіктен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің мәйітін тауып шығарған.

Серіктес жаңалықтары