380
Нұр-Сұлтан қаласының бас дәрігері қайтадан вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан қаласының бас дәрігері қайтадан вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан қаласының бас дәрігері қвйтадан вакцина салдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тимур Мұратов бұл жолы ол қазақстандық QazVac препаратын салдыртты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап. Басқарма басшысы қайта вакцинациялау керектігін айтты.«Инфекция мен вакцинациядан кейін иммунитеттің әлсіреуі деген табиғи процесс бар. COVID-19 – жұқпалы ауру, одан иммунитет қатты әлсірейді және ұзақ уақыт қалыптаспайды. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін ревакцинация жасау керек. Сонымен қатар, ревакцинация бір инъекция арқылы жүзеге асырылады, бұл сіздің иммунитетіңізді ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді», - деді Т.Мұратов.Ведомство басшысы бұл жолы неге отандық вакцинаны таңдағанын түсіндірді.
«Бірінші рет, ақпан айында мен Спутник вакцинасын алдым. Ол кезде екпенің бір-ақ түрі қолжетімді болатын. Ресейлік вакцинадан кейін QazVac немесе Sinofarm Vero Сell екпелеріне рұқсат етілгендіктен таңдауым әлбетте өзіміздің вакцнамызда үседі. QazVac клиникалық сынақтардың қажетті кезеңдерінен өтті және тәжірибе көрсеткендей, тиімділігін дәлелдеді» , - деп толықтырды басқарма басшысы.