Келер жылы зейнетақы өседі

Келер жылы зейнетақы өседі

Келер жылы зейнетақы өседі
ашық дереккөзі
8546

Елімізде 2022 жылдан бастап 2 миллионнан астам зейнеткердің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТК) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты көбейеді.

Бұл туралы Sputnik.kz жазды. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 302 теңге.
2022 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткішті тағы 5%-ке индекстеу жоспарланған. Нәтижесінде ЕТК мөлшері 36 018 теңгені, ал АЕК – 3 063 теңге, ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 60 мың теңге болады. Шамамен 2,3 миллион зейнеткердің зейнетақысы өседі. Ынтымақты зейнетақы 7%-ке (инфляция деңгейінен 2%-ке артық) және базалық зейнетақы төлемі 5%-ке, жалпы сомасы 138,3 миллиард теңгеге артады.

Серіктес жаңалықтары