Отбасы – шағын мемлекет

Отбасы – шағын мемлекет

Отбасы – шағын мемлекет
ашық дереккөзі
10086

Педагогикалық Ғылымдар Академиясы қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» жобасын жүзеге асыру шараларында ауқымды да, маңызды жұмыс атқаруда. Бұл жұмыс жобасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, отбасы құндылықтарын арттыру, жастар арасында отбасы институтын нығайту, жастарға көмек көрсету бағытындағы миссияларды орындау  механизімдерін жетілдіруге арналып отыр

Отбасы өз алдына шағын мемлекет болып саналады, әр әулеттің  өзіне ғана тән қағидалары мен  дәстүрлері болады. Отбасылық құндылық жүйесі туралы мәселені қозғамас бұрын, ата-аналар «ерлі-зайыптылар құқығы және мәдени қатынас» заңнамалары жайында толықтай сауатты болуы маңызды. Мінсіз тәрбие үрдісін бір өмір сүру сатыңда жасауың өте қиын, себебі әр қайсымыз өз өмірімізден сабақ алып, кемеледенген шағымызда (60-70 жас)  біздің ұл-қыздарымыздың өздері бел жасқа келеді. Ал мінісіз тәрбие ғұмырлар бойғы жинақталаған халықтық тәрбие тәлімінде екенін әр шақ естен шығармау керек.

Бір үйдегі баланың  түсінік, мінез-құлық, көзқарасы мен табиғатты әр түрлі және олардың тәрбиесінде әр қайсына дара келуді қажет етеді. Дегенмен, бәріне ортақ бір мәселе олардық қажеттіліктері бірдей болуында. Бұл қажеттіліктер:

  1. Физиологиялық қажеттілік (дұрыс тамақтану, демалыс, жеке аймақты сақтау, еркін қозғалыс, т.б.)
  2. Қауіпсіздік (кеңістік аурасының дұрыс болуы). Өзін сенімді сезіну, қорқыныш пен сәтсіздіктерден арылу.
  3. Сүйіспеншілік пен бауырмалдық. Ата-анасымен және жақындарымен салауатты, мейірбан және сүйіспеншілік қарым-қатынаста болу қажеттілігі.
  4. Сыйластық – ата-ана мен жақын ортаның құрметі, өзгелердің пікірін сыйлау. Жетістіктерді тану, бағалау, мақұлдау.
  5. Денсаулық (физиологиялық және психикалық), кедергі болатын факторлардан қорғанысты қажет ету.
  6. Өзіндік жетілу және өз әлеуетін толық дамыту мен іске асыру қажеттілігі (өз мақсаттарын, қабілеттерін іске асыру, жеке даму қажеттілігі, өзін-өзі көрсету).

Ата-аналар осы бала қажеттіліктерін бұзу арқылы тәрбиеде бала табиғатына нұқсан келтіріп жатқандарын жиі аңғара бермейді. Мектептегі тәрбиенің ақсауы ол-отбасындағы тәрбиенің қоғамдағы көрінісі. Үлгермейтін бала, тысқарланған оқушы, девиантты мінез-құлықтағы шәкірт, буллер топтардың, құрбаның, баз кешушінің, ерте жыныстық қатынастың болуы т.б бұның барлығы да отбасынан қисық кеткен тәрбиенің көрініс беру сатысы. Әдетте алғашқы сигналдарға ата-ана мән бермеу арқылы, балалар жасөспірімдік кезге келгенде нақты деректермен жолығысады. Кез-келген ата-ана оны өз қателігімнің жемісі деп қарамайды «өтпелі кезең мен гармондық өсу» табиғатына ысырып тастау арқылы белгісіз әлемге жауапкершілікті артады. Осы мәселелердің алдын алуда ата-ана сауаттылығы, ата-ананың мектеппен тығыз байланысы, кәсіби қоғамдастық желілерді дамыту қажеттілігі туындайды. Ата-ана алдында, құқығы мен моралдық бұзылысына нұқсан келмеген, отбасылық әлемде тыныш әрі кешенді тәрбиеленген баланы қоғамға бағыттау міндеті тұр. Ата-ананың ажырасуы, моралдық өзін игере алмауы, біржақты тәрбие стилі, бала тәрбиесін өзгелерге жүктеуі салдарынан қоғамда дұрыс тұлғаланған баланы қалыптастыру қиындығы туындайды. Осы мәселелер төңірегінде ой толғай келіп «Ата-ана болу ұлы міндет» дегенді айтқымыз келеді. Сіз ата-ана болуға дайындығыңыздан бастап, баланы қалап өмірге әкелу, оның өміріне тұтастай борыштылық пен жауапкершілікті сезінуіңізден бөлек те тәрбие жүйесін білуіңіз қажет. Бұл орайда, ата-ана абыройы, әулеттің абыройы туралы балаға жастайынан үлгі мен өнеге көрсету.Ұрпақтар сабақтастығы мен тектілік туралы бала санасына ұғымдар мен дағдыларды бере алу. Перзенттік парыз және   ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру дәстүрлері мен қағидаттарын дұрыс игертуде ата-ана терең  білімді әрі рухани қазыналы бола алуы шартты.  Жеміс ағашы құрттамасын десек оны тамырынан бастап күтеміз, дәл сол сияқты ұрпағым азбасын десеңіз ой-санасы мен психикалық жүйесіне нені сіңіріп жатқаныңызға ойланыңыз. Отбасылық өмірге дайындық ол  өз алдына үлкен тәрбиені қажетсінетін үдерсітерден тұрады. Бала бойына сіздің айтқаныңыз емес, істегеніңіз үлгі. Сондықтан ұлды ұятқа, қызды қиянатқа жеткізбеудің жолдары ол-өзіңіздің өмір сүру әдебіңіз ғана. Бала білуі қажет алғашқы сезім, құштарлық пен сезімінің айырмасы, өз табиғатын аңғару туралы бала саутын ашудың өзіндік жолдарын білуіңіз қажет.

«Қаршыға көргенін іледі, қасқыр да қамқорлықты біледі» деген пәлсапаның астарында ұл-қызды отбасылық өмір мәдениетіне тәрбиелеу мәні жатыр. Өнегені үйрену бар да, қолдану бар. Айтылған ой санада саңылақтанып, қажеттеріңізге жарайды деген ойдамыз. Сөз соңында әр шаңыраққа айтарымыз бала тағдырына бей жай болмаңыздар, ол- сіздің осы өмірдегі ұлы міндеттіңіз.  

                Динсаламова Бақыткүл Мұқағалиевна

педагог-психолог

Серіктес жаңалықтары